Қазақстанда коронавирустан тағы жеті адам қайтыс болды

/image/2020/06/28/crop-267_7_469x625_2020-06-28_12-43-36.png Ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі елде тағы жеті адамның коронавирус инфекциясынан көз жұмғанын хабарлады. 

Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысында – 1942 жылы туған ер азамат, Қарағанды облысында – 1970, 1957, 1940 жылы туған ер азаматтар, Шымкент қаласында – 1972 жылы туған ер азамат, Ақтөбе облысында – 1960, 1950 жылы туған ер азаматтар қайтыс болған.
⠀
Марқұмдардың коронавирустан көз жұмғанын өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия анықтаған. 
⠀
Осылайша, Қазақстан бойынша барлығы 173 адам қауіпті індеттен қайтыс болды. 

Жалпы елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар – 20 780, жазылып шыққаны – 12 738. 

Related Articles