ШҚО әкімі карантин шараларына қатысты ескерту жасады

/image/2020/12/16/crop-33_84_708x944_4e11883a-a8fb-4b97-aa5d-92b6226cf4fb.webp Фото: dalanews.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

– Жарты ай бойы біздің облыс карантиндік іс-шаралардың "сары" аймағында келеді. Соңғы он бес күнде төсек қорының қамтылу пайызы 14,5-тен 11,3%-ға дейін төмендеді, ал R репродуктивті саны 0,84 деңгейінде сақталуда, – деді ол.

Оның айтуынша, ШҚО-дағы шағын және орта бизнес әдеттегі жұмыс тәртібіне қайта оралуда.

– ШҚО аумағында орналасқан азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың сауда объектілеріне, яғни барлық түрдегі базарларға, сондай-ақ супер және гипермаркеттерге, сауда үйлеріне, сауда-ойын орталықтарына мереке күндері, яғни 16-19 желтоқсан аралығында жұмыс істеуге рұқсат берілді. Әрине, тығыздығына байланысты барлық талаптар сақталуға тиіс. Демалыстан (жексенбіден) басқа күндері спорт нысандары, мұз айдындары, моншалар мен бассейндердің СПА-орталықтары да өз жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылу тәртібін орындай отырып жалғастырады. Сондай-ақ балаларды оңалту және білім беру орталықтары, мәдениет объектілері, кітапханалар, мұражайлар, бизнес-орталықтар және сұлулық салондары қаулыда белгіленген шектеулерге сәйкес қызметін жүзеге асырады, – деп атап өтті өңір басшысы.
​
Ол желідегі жазбасында дәрігерлер адам көп жиналуы ықтимал кез келген шарадан бас тартуды ұсынғанын жеткізді.

Ол қоғамдық тамақтану орындарында жаппай, отбасылық, ұжымдық мерекелер өткізуге тыйым салынғанын айтты.
​
– Балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынды. Сауда-ойын орталықтарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне өнімді өзімен алып кету, не жеткізу арқылы жүзеге асыруларына рұқсат етіледі, – деді Д.Ахметов.

 

Related Articles