Қазақстанның тағы бір өңірі қайтадан коронавирустың "қызыл" аймағына енді

/image/2021/04/28/crop-40_15_1777x2370_12345keychprsop.jpg Фото: Ашық дереккөз

Шымкент қаласы коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймаққа қайтадан кірді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облысы "қызыл" аймақта тұр. 

Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облысы  "сары" аймақта орналасқан. 
⠀
Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы "жасыл" аймақта. 

эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы

Related Articles