Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың “қызыл” аймағында тұр

/image/2021/06/12/crop-10_52_1750x2333_e27fca10-a671-49ce-845b-3b85b8d5cf81.jpeg Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанның бір қаласы коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, тек Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта тұр.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "сары" аймақта орналасқан.
⠀
Ал "жасыл" аймақта –Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

Related Articles