Маңғыстау облысының Мұнайшы ауылында алғаш рет жедел жәрдем қызметі іске қосылды

/image/2021/11/05/crop-11_270_803x606_1111.jpeg фото: Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылында жедел жәрдем қызметі жұмысын бастады. Бұл туралы Мұнайшы ауылының әкімі Болат Бекмұрзаев мәлім етті. Оның айтуынша, Мұнайшы ауылында 6  мыңнан астам тұрғын бар. Осы күнге дейін Мұнайшы мен оған қарасты станция Жетібай елді мекеніне Жетібай ауылындағы жедел жәрдем қызмет көрсетіп келді.жедел

-«Енді бұл мәселе шешімін тапты. Жаңадан ашылған жедел жәрдем қызметіне ауылдың орталығында ғимарат берілді. Оған арнайы автокөлік, медициналық құрылғылар мен дәрі-дәрмектер бөлінген. Енді тұрғындарға тәуліктік кезекпен 3 топ қызмет көрсетеді. Әр топта 1 фельдшер, 1 диспетчер және 1 жүргізуші бар», - деді Болат Бекмұрзаев. жедел

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Related Articles