Берденовке жасалған шабуыл туралы: Сырымбек Тау жалған ақпараттан сақ болуға үндеді

/uploads/thumbnail/20250422152416778_big.webp Ашық дереккөзден

2025 жылдың 21 сәуірінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оқиға сағат 20:30 шамасында әкімдік ғимараты маңында орын алған. Қазіргі уақытта Берденов ауруханада емделуде, жағдайы ауыр деп хабарланды.​

Күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде. ​

Осы оқиғаға қатысты кәсіпкер әрі досы Сырымбек Тау әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. Ол Берденовтің қазіргі жағдайы қалыпты екенін айтып, өзге жалған ақпараттарға сенбеуге, таратпауға шақырды.​

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы толық анықталмағандықтан, қосымша мәліметтер күтілуде.

Related Articles