Құрылтай депутаттары Ерлан Кариннің Қазақстанның вице-президенті лауазымына кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды Qamshy.kz.
Вице-президентті президент тағайындайды. Бірақ оған Құрылтайдың келісімі керек. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды.
Ерлан Тынымбайұлы Қарин осыған дейін Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды.
Білімі:
- К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірді. «Тарих және география пәнінің мұғалімі» біліктілігі берілді (1996 ж);
- Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірді (1999 ж).
Еңбек жолы:
- Ақтөбе қаласының № 33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі (1996 ж);
- Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары (1998 ж);
- Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры (2000 ж);
- ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2002 ж);
- Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауи саясат халықаралық институтының бас директоры (2003 ж);
- Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы (2004 ж);
- Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі (2006 ж);
- ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (2008 ж);
- «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму бойынша хатшысы (2008 ж);
- Вашингтондағы (АҚШ) Америка университетінің арнайы шақырылған профессоры (2013 ж);
- ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (2014 ж);
- «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (2017 ж);
- ҚР Президентінің кеңесшісі (2019 ж. сәуір — 2020 ж. шілде);
- ҚР Президентінің көмекшісі (2020 ж. шілдеден бастап);
- ҚР Мемлекеттiк хатшысы (2022 ж);
- ҚР Мемлекеттік кеңесшісі (2022-2026 ж).
Айта кетейік, бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсынысты қашан енгізетінін айтты.