Алматы тау кластері балалар үшін тау спортының қолжетімділігін арттырады

Фото:

Алматы тау кластерін дамытудың негізгібағыттарының бірі балаларды, мектеп оқушыларынжәне шаңғы тебуді жаңадан бастаушыларды қосаалғанда, халықтың тау спорты түрлерімен жаппайайналысуына жағдай жасау болып табылады. Кластерді кешенді дамыту шеңберінде тек кәсібиспортшыларға ғана емес, келушілердің кеңауқымына арналған заманауи тау шаңғысыинфрақұрылымын құруды көздейтін AlmatySuperSki жобасы іске асырылуда.

Жаңа курорт аумағында тәулігіне 10 мыңнанастам шаңғышыны қабылдай алатын шамамен 60 шақырым тау шаңғысы трассасын салу жоспарлануда. Бұл ретте трассалардың шамамен70%-ы балалар мен шаңғы тебуді жаңаданбастаушыларға арналған болады. Мұндай тәсіл тау шаңғысымен алғаш рет айналысуға, отбасылықсырғанауға және бұқаралық тау шаңғысы спортынодан әрі дамытуға қажетті инфрақұрылымдықбазаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мектеп оқушыларын тартуға ерекше назараударылуда. Алматы қаласының әкімдігі KazakhTourism Development компаниясымен бірлесіпболашақ курорт аумағында дене шынықтырусабақтарын өткізу мүмкіндігін пысықтауда. Осылайша, болашақта тау шаңғысы спорты мектепбағдарламасы аясында онымен тұрақты айналысумүмкіндігі болмаған балалар үшін қолжетімді бола түсуі мүмкін.

Осындай тәжірибе бірқатар Еуропа елдеріндеқолданылады. Австрияда жыл сайын 80 мыңнанастам бала мектеп бағдарламасы шеңберіндешаңғы тебумен айналысады, ал Швейцариядамұндай мүмкіндік 128 мыңнан астам оқушынықамтиды. Франция мен Италияда мектепоқушыларының тау шаңғысы курорттарынасапарларын қолдау бағдарламалары іскеасырылады. Бұл тәжірибе Almaty SuperSkiжобасының әлеуметтік құрамдас бөлігінқалыптастыру кезінде бағдарлардың бірі ретіндеқарастырылуда.

Қолжетімділіктің маңызды элементтерінің бірітаулы аймақтағы көлік инфрақұрылымы болады. Жоба 11 аспалы жол салуды көздейді. Ұсынылғанжоспарларға сәйкес балалар, зейнеткерлер жәнемүмкіндігі шектеулі адамдар аспалы жолдардытегін пайдалана алады. Медеу төменгістанциясынан 3 400 метр биіктіктегі Күмбелшыңына дейін, оның ішінде кішкентай балаларыбар ата-аналар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтарүшін көтерілу мүмкіндігін қамтамасыз етужоспарлануда.

Алматы тау кластерін дамыту шаңғымектептерінің жұмысына, нұсқаушылардыдаярлауға, бұқаралық спорттық іс-шаралардыөткізуге, отбасылық және бейімделген спорттыдамытуға жағдай жасауды да көздейді. Таулыаумақтардың көліктік қолжетімділігін арттыруүшін қоғамдық көлікті дамыту, ұстап қалушыавтотұрақтар, тегін электр шаттлдар және кластер нысандары арасында қатынаудың бірыңғай жүйесіненгізу жоспарлануда.

Осылайша, Алматы тау кластерін дамытутұрғындардың заманауи тау инфрақұрылымынақолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Балалармен оқу трассаларына ерекше басымдық берілуі, мектеп сабақтарын өткізу мүмкіндігі және аспалыжолдарды пайдаланудың әлеуметтік шарттары тау шаңғысы спортының балалар мен отбасылар үшінқолжетімді болуына алғышарттар қалыптастырады.

 

 

Related tags :

Related Articles