Франция Иранды супермаркеттер мен тоңазытқыштарға кибершабуылдар ұйымдастырды деп айыптады

/uploads/thumbnail/20261110175840222_big.webp Фото: Getty Images

Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барроның айтуынша, француз супермаркеттеріндегі тоңазытқыштар мен мұздатқыштарға қазан айындағы кибершабуылдардың артында Иран Ислам революциясының сақшылар корпусы тұр.

"Бұл біздің территориямызда диверсия жасау үшін осындай алғашқы ауқымды кибершабуыл болды және бұл біздің ұлттық мүдделеріміз бен Франция халқының қауіпсіздігіне жасалған үлкен қастандықты білдіреді", — деді министр Париждегі баспасөз мәслихатында.

Ол бұл кибершабуылдың барлық кінәлілеріне қарсы жалпы еуропалық санкциялар қолданылатынын айтты.  Француз министрінің айтуынша, СІМ-де Иранның Париждегі елшісі "осы өте ауыр әрекетке қатты наразылық білдіру үшін" шақырылған.

Барро Франция "осыған ұқсас әрекеттерді қайталауға тырысатындарды ескерту" үшін болған жағдайға жауап ретінде "кез-келген басқа қажетті және пропорционалды шараларды" қолданатынын айтты.

Иран Барроның мәлімдемесіне әлі түсініктеме берген жоқ.

11-12 қазанда болған және бүкіл Франция бойынша жүздеген супермаркеттерге әсер еткен кибершабуыл кезінде хакерлер тоңазытқыш жабдықтарының температурасын реттейтін бағдарламалық жасақтаманы бақылауға алды және олардың температурасын көтерді. Зардап шеккен супермаркет желілердегі тоңазытқытың температурасы 50 градусқа дейін жеткен. Бұл өнімдердің нашарлауына әкеліп, шығын миллиондаған еуроны құрады.

Кибершабуыл coopérative u желісінің 100-ден астам супермаркеттеріне, сондай-ақ Intermarché желісінің 180 дүкеніне және оның құрамына кіретін Netto брендіне әсер етті.

Related tags :

Related Articles