Тараз политехникалық колледжінің студенті Виктор Прокопенконы іздеу шаралары бір апта бойы нәтиже бермеген, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
1997 жылы туған, политехникалық колледждің 2-курс студенті Виктор Прокопенко 2 наурыз күні колледжге кетіп, қайтып оралмаған. Соңғы рет оны сол күні сабақтан соң оқу ғимаратының алдындағы орындықта отырғанын көргендер бар.
Виктордың әкесі Петр Прокопенко ұлының бір жерде жұмыс істеп жүруі де мүмкін екенін айтады.
«Полиция, еріктілер, барлығы іздеп жатыр. Әзірге еш нәтиже жоқ. Соңғы уақытта ұлымның сабағы нашарлап кеткен еді. Шәкіртақыдан айрылды. Мүмкін, ол бір жерде жұмыс істеп жүрген болар... Тіпті, не ойларымды білмеймін», - дейді ол.
Сондай-ақ, Виктордың сабаққа кетерді қалта телефонын үйіне қалдырып, өзімен тек сим-картасын алып кеткені, жоғалғанға дейін оның Вконтакте және Уотсапп желісіндегі аккаунттарын өшіріп тастағаны белгілі болып отыр.
Пікір қалдыру