Әзірбайжандық басылым ЭКСПО-2017 көрмесі жайында репортаж жариялады

/uploads/thumbnail/20170802161805813_small.jpg

Әзірбайжанның «Мусават» атты беделді басылымында EXPO-2017 көрмесіне қатысты репортаж жарық көрді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

24.kz порталының мәліметіне сүйенсек, әлем көз тіккен бұл шара Миланда өткен EXPO-мен салыстырылған. Нәтижесінде, Қазақстанның өте тыңғылықты дайындалғаны жан-жақты жазылған. Әсіресе көрмедегі темірдей тәртіп пен қауіпсіздік, еріктілердің жұмысы, тың технологиялар көптің көңілінен шыққаны баса айтылған. Автор көрмеге ағылған халықтың санында шек жоқ екендігіне ерекше тоқталған.

Осы орайда шетелдіктер энергияға қатысты бастамаларға барынша мән беріп, пайдалы игіліктерді игеруге көңіл бөліп отырғаны да жазылған. Бұл ретте мемлекет күн мен жел және биологиялық ресурстарды негізге алған. Осының барлығын көзбен көру үшін көрмеге барған жөн деп атап өтілген басылымда. Автор қаланың қай бұрышынан көз тастасаң да, менмұңдалап тұрған Қазақстанның ұлттық павильонының шоқтығы биік екендігін ерекше сипаттаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар