Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жасаған іс сапарында әлемдік нарықтағы ахуалды, терроризмді және Таяу Шығыстағы жағдайды Мюнхен қауіпсіздік конференциясында талқылады. Олар тек жаһандық мәселелерді ғана талқылаған жоқ. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның алып бизнесмендерімен де кездескен.
Астана телеарнасының мәліметінше, Президент бірнеше сағаттың ішінде бірнеше ірі кәсіпкерлермен кездесіп үлгерген. Олардың ішінде "SIEMENS" басшысы Джо Кэзэрде бар. 1994 жылы неміс алыбы алғашқылардың бірі болып Қазақстанда өз филиалын ашқан.
– Қазақстан неміс кәсіпкерлерін тарту үшін, қолдан келгеннің бәрін жасайды,– деп Тоқаев өткен жылдың желтоқсан айында Германияға жасаған іс сапарында айтқан болатын.
Елде шетел кәсіпкерлері үшін арнайы салық режимі мен тиімді инвестициялық жағдай жасалған.
– Мен үшін және президент үшін экономиканы әртараптандыру маңызды. Біз әлемнің ең данышпан тұлғаларын елімізге тартып, экономикалық өсімді арттыруға қолдан келген шараның бәрін жасаймыз. Әрине, бізге кепілдік қажет. Түрлі санкциялар мен террористік жанжалдар жағдайында тұрақтылыққа қол жеткізу оңай емес. Қазір әлем өте қиын жағдайды бастан өткеруде. Еуро одақтың сыртқы байланыстар жөніндегі кеңес президенті Ричард Натан Хаас Қазақстанның көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасына қызығушылық танытты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пікір қалдыру