- Серік Зайнулдин 1964 жылғы 25 ақпанда Зайсан ауданының Зайсан қаласында туған. 1981 жылы Айнабұлақ орта мектебін тәмамдады.
- 1981-1986 жылдары – Семей зооветеринарлық институты зоотехникалық факультетінің студенті.
- 1986-1991 жылдары Зайсан ауданындағы «Айнабұлақ» кеңшарында бас зоотехник болып жұмыс істеді.
- 1991-1993 жылдары – «Айнабұлақ» кеңшарының директоры, 1997 жылға дейін - аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы;
- 1997-2004 жылдары Серік Зинабекұлы Зайсан ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мәселелеріне басшылық ететін орынбасары;
- 2004-2005 жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарушы қызметінде болды.
- 2007-2010 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі;
- 2010 – 2013 жылдары Зайсан ауданының әкімі қызметтерін атқарды.
- 2013 жылдың 28 маусымынан бері Үржар ауданының әкімі қызметін атқарып келген.
Еске сала кетейік, 19 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына қарасты Сарытерек және Айнабұлақ ауылының тұрғындары ауыл амбулаториясының алдына жиналып, наразылық білдірді. Олар әлеуметтік желілерде тараған «Зайсан ауданында бір топ адам коронавирус жұқтырды. Қытаймен шекарада инфекция жұқтырған адамдарды ауыл амбулаториясында емдеу үшін алып келеді» деген ақпаратты естіп жиналған.
Пікір қалдыру