Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметі дерегіне сүйене отырып хабарлайды.
Ресми мәлімет бойынша, аталған шара аясында Польшаға отандық SCAT әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсі жіберілген.
«Бүгін, коронавирус пандемиясы аясында әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты отандастарымызды Қазақстанға қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында, Польшаға отандық SCAT әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсі жіберілді», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметінде.
Осылайша, бірнеше күн бойы елге ұшуды сарыла күткен 207 қазақстандық елге оралған.
«Дипломаттарымыздың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті билік пен қазақстандық әуекомпания өкілдерінің үйлесімді жұмысы нәтижесінде ұшуын бірнеше күн бойы күтіп отырған 207 жолаушы Қазақстанға сәтті оралды. Жолаушылардың басым бөлігі Еуропада оқитын қазақстандық студенттер. Күндіз-түні еңбек етіп, денсаулығына төніп тұрған қатерге қарамастан отандастарын рухани төзімділіктің үлгісімен сергіткені үшін біздің Варшавадағы әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз», делінген хабарламада.
Пікір қалдыру