"Егер Джо Байден ресми түрде 2020 жылғы президент сайлауының жеңімпазы деп жарияланса, Дональд Трамп 2024 жылғы сайлауға қатысуды ойластыруда" деп хабарлады АҚШ ақпарат агенттіктері.
Трамп кеңесшілеріне келесі сайлауға қатысу ниеті бар екенін айтқаны хабарланды. Бұл туралы "Axios" жаңалықтар агенттігі бірінші болып Нью-Йорк Таймс газетіне сүйене отырып хабарлады.
"Сайлау алдындағы алаяқтық айыптауларына байланысты сотқа жүгінуге уәде бергеннен кейін Трамп 2024 жылғы сайлаудағы кандидатурасы туралы өзінің ойларын айтты" деп хабарланған.
Ол "дауыстарды шынайы санау" болғанға дейін "тыным таппайтынын" айтқан. Бірақ тәуелсіз бақылаушылар кең ауқымды алаяқтық туралы талаптардан бас тартқан.
Өткен аптада жариялаған мәлімдемеде Трамп "Біз Джо Байденнің неге өзін жеңімпаз ретінде көрсетуге асығып жатқанын және оның медиа одақтастары оған көмектесуге тырысып жатқанын бәріміз білеміз: олар шындықтың ашылғанын қаламайды" деген.
Сонымен қатар Трамп қызметтен кеткеннен кейін республикашылдар партиясына біраз ықпал етуін сақтап қалуға мүмкіндік беретін федералдық қор жинау органы – саяси іс-қимыл комитетін құруды жоспарлап отыр.
Трамп сайлау науқанының өкілі Тим Муртау Нью-Йорк Таймс газетіне бұл комитетті құру жоспары біраз уақыттан бері болғанын айтты.
Ол "Президент жеңу немесе ұтылу жағдайын әрдайым жоспарлайтын, сондықтан ол үміткерлерді қолдай алады және алаяқтарымен күресу сияқты маңызды мәселелерді шеше алады" деді.
Пікір қалдыру