Ол өмірге келгенде туған әке-шешесі одан бас тартып, балалар үйіне тастап кетті. Кейін оны балалар үйінен жаңа ата-анасы асырап алды.
Ол мектепте әлімжеттілік көрді. Сол себепті уақытты жалғыз өткізгенді құптайтын. Бірақ қорлауға қатты ұшырған соң, басқа мектепке ауысуды немесе мүлде мектепте оқымауды шешті. Бақытына қарай, ол жаңа ауысқан мектебінен алғаш компьютерлерді көреді. Сол кезде ол 12 жаста еді.
Ол сонда алғаш компьютерлік сабаққа қатысты. Ол өте ақылды бала еді, бірақ ешқашан мектеп жүйесін жақсы көрмеді. Дәстүрлі емес жолмен үйренгенді жақсы көретін оның мектептегі GPA бағасы 4 баллдан 2.65 балл болды. Сол бойынша ол жақсы да емес, нашар да емес, ортаңқол оқушы саналды.
Ол мектеп бітірген соң, Рид колледжіне түсті. Бірақ 6 айдан кейін оқудан шығып қалды. Дегенмен оқудан шығып қалса да, өзі қызыққан сабақтарға бейресми түрде қатысып жүрді. Сол кездер оның тек қана өмір сүру үшін жанталасып жүрген кезі еді. Оның жататын жерді де жоқ болды. Сол себепті досының бөлмесінде жатты және босаған бөтелкелерді 5 сентке қайтарып, тамақ сатып алатын.
Сол жылдар оның өміріндегі ең қиын уақыттар болды. Содан кейін Үндістанға барды. Үндістандағы уақыт оның өмірін өзгертуге көмегін тигізді. Сондағы алған медитация, жігер, рухы оны кейін тарихтағы ең ұлы адамдардың бірі етуге себепші болды.
Ол досымен бірге гаражда өздерінің компаниясын құрды. Досы екеуі құрған компания 10 жылдың ішінде 2 млрд долларлық алып компанияға айналды. Ол компания Apple, кейіпкеріміз Стив Джобс еді.
1984 жылы Apple компаниясы ең алғашқы компьютерлерін жария етті. Алайда сатылым ойдағыдай болмай шықты. Салдарынан 1985 жылы Стив Джобс өз компаниясынан шығарылды. "30 жасымда мен жұмыстан шығарылдым, далада қалдым. Мен сол кезге дейін жасаған ісімнен, еңбегімнен бір-ақ күнде айырылдым" деген еді Стив Джобс. Оның айтуынша, сол кездегі жағдай Джобсқа өте ауыр тиген. Ол үмітін үзе бастады.
Стив Джобс басынан небір ауыр жағдайлар өтсе де, оны "жасырылған бақыт болар" деп түсінгенін айтты.
"Алғашында мен білмедім. Бірақ компаниядан жұмыстан шығарылу – менің өмірімде болған ең керемет іс" деген ол еске алып. Стив Джобс Apple-дан шығып қалған соң өзінің креативті өмірі болғанын айтты.
Сол уақыттарда ол жаңа компания құрған және белгілі деңгейде жетістікке жеткен, дегенмен қиыншылықтар да кезіккен. Сол жылдары Microsoft компаниясының дамуына байланысты Apple қиыншылықтарға ұшырап, банкрот болуға жақындайды. Компания Стив Джобсты қайта шақырады. 1997 жылы ол Apple-ға оралды.
Стив Джобстың бастауымен компания зымырандай көтеріліп дамыды. Оның бір үлкен себебі Стив Джобс капитализм рамкасынан шығып ойлай алатын: Джобс ең маңызды іс, нарықтық экономикадағы пайда емес, қайта, сапа және кемелділік деп санайтын. Өзгеше ұстанымына байланысты тек пайданы көздейтін инвесторлармен келіспей қалып жүрді. Сол себепті де компаниядан шығарылған-ды.
Кейінірек Apple компаниясы тарихтағы ең алғашқы триллион долларлық компанияға айналды. Өкінішке қарай Стив Джобс 2011 жылы өмірден озды. Дегенмен оның жетістігі, істері, ғибаратты сөздері кейінге қалды.
Стив Джобс әдеттегі студент еді, өмірінде талай рет сәтсіздікке ұшырады, талай мәрте беті қайтарылды, жұмыстан шығарылды, үмітсізденді. Бірақ ол алған бетінен қайтпай ең соңында 21 ғасырдағы ең ұлы визионерге айналды.
Пікір қалдыру