Қытай Атырауға гуманитарлық көмек жіберді

/image/2024/06/11/crop-69_67_598x1062_6667dc1570d76779351349.jpg

Атырауға Қытайдың шығысындағы Ляньюньган портынан гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді.

Гуманитарлық көмекте күрке, төсек орын, қолғап, резеңке етік, күрек және су сорғыш құралдар бар. 

"Қытай мен Қазақстан – ұзақ достық тарихы бар өркениетті мемлекеттер. Ляньюньган мен Атырау арасы алшақ болғанмен, бұл байланысқа кедергі бола алмайды", - деп мәлімдеді қытай тарапы.

Айта кетсек, аталған Ляньюньганда қытай-қазақ логистикалық базасы бар. Гуманитарлық жүк Атырау қаласының әлеуметтік даму қорына тапсырылды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар