Мәденит саласында мол істер атқарылуда  

/image/2019/09/16/crop-13_18_705x1004_madeniet1.jpg

 

Соңғы жиырма жылдың бедерінде Мемлекет тарапынан ерекше қамқорлыққа зәру болған саланың бірі – мәдение болғаны даусыз. Осыны ұғынған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында мәдениет саласы қызметкерлеріне ерекше көңіл бөліп, айлық жалақыларының өсетіндігін айтты. Мұндай сәтте тек енді жүйелі жұмысты ғана көрсету керек. Бұл орайда Жамбыл облысындағы аудандық мәдегі мәденит үйлері де мінсіз жұмыс көрсетуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Жамбыл ауданында аудан халқына 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 15 ауылдық клуб, 29 кітапхана, 1 жылжымалы «Зерде» бейнемобиль мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде. 2019 жылдың 7 айында аудан көлемінде 415 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 58 500 адам қатысты.

Мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасау мақсатында 2019 жылға 3 мәдениет үйіне және 5 ауылдық клубына бейімдеуге 5 млн. 415 мың теңге бөлініп, есепті кезеңде 1 млн. 605,4 мың теңгесі игерілді.

Аудандағы кітап қоры 213 мың 275 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілдегісі 132 мың 490 дана немесе 62,1%. 2019 жылға кітап қорын ұлғайту үшін 1,2 млн. теңге қаралды.

Қазіргі уақытта ауданда 158 спорт нысандары бар, атап айтқанда: 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 1 ипподром, 84 спорт алаңшалары, 29 футбол алаңдары, 8 атқыштар тирі, 33 спорт залдары мен 1 дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатын бөлмелер.

Аудан бойынша 24 500 адам немесе 29,4%-ы спортпен тұрақты айналысады. Аудандағы 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан (14 675 адам) спорт мектептері (1 552 адам) мен аула клубтарында (200 адам) дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың үлесі 11,9%-ды құрайды.

Аса және Түрксіб ауылдарындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 1 488 бала спорттың 18 түрімен жаттығуда.

2019 жылға жалпы 5,5 млн теңге бөлінді, оның ішінде ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға – 1,5 млн. теңге, әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан құрама командаларының мүшелерiн дайындау және оларды облыстық спорт жарыстарына қатыстыруға – 2,5 млн. теңге бөлінді.

Бұл бағдарламалар аясында 202 іс-шара өткізіліп, 20 445 адам қамтылды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи