Н. Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысына қатысты. 

/image/2021/07/01/crop-92_84_461x819_img-20210701-wa0018.jpg

Бүгін бейнеконференция форматында ҰҚШҰ парламенттік Ассамблеясының отырысы өтіп, онда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бітімгершілік мәселелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысы арнайы өкілінің институтын құру туралы бастамасы талқыланды, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.

Отырыста сөз сөйлеген мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Қазақстан жаһандық және аймақтық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу үшін халықаралық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және нығайтуға ниетті. Себебі қазіргі уақытта аймақтық қауіпсіздік тақырыбының өзектілігі бұрынғыдан да арта түскен.

Мәжіліс спикері сондай-ақ ҰҚШҰ ұйымының бітімгершілік әлеуетін дамытудың маңызына да баса назар аударды. Осы ретте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бітімгершілік мәселелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысы арнайы өкілінің институтын құру туралы бастамасын жүзеге асыру ұйымның БҰҰ-ға тиісті құрылымдарымен өзара іс-қимыл мүмкіндігін кеңейтетіндігін алға тарта келе Нұрлан Нығматулин осы саладағы өзекті сұрақтарды жаңа сапалық деңгейде шешуге, сонымен бірге, БҰҰ бітімгершілік әлеуетін арттыруға жол ашатынына сенім білдірді.

Отырыста сондай-ақ Тәжікстанның 2021 жылы ҰҚШҰ төрағалығы, ҰҚШҰ аясында қол жеткізілген ҰҚШҰ әріптестік мәртебесіне, Қазақстанда, Арменияда, Қырғызстанда өткен сайлауларда ҰҚШҮ ПА атынан қатысқан халықаралық байқаушылар тобы жұмыстарының қорытындысына қатысты халықаралық келісімдер төңірегінде әңгіме өрбіді.

ҰҚШҰ ПА Кеңесі Ассамблея қызметін ұйымдастырады, оның құрамында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері парламенттерінің басшылары бар.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи