@qamshy.kz Бүгін Алматы қаласында Ұлттық рәміздер күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шара әйгілі "Медеу" спорт кешенінде ұйымдастырылды. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Ол жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символы екенін атап өтті. Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі – қазақстандықтардың патриоттық рухын арттыруға және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып саналады.
♬ оригинальный звук - Qamshy.kz