• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 14:55:53
Алматы
+35°

Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин Жезқазған мыс өндіру кәсіпорнына әйгілі ғалым, геолог Қаныш Сәтбаевтың атын беру жөнінде бастама көтерді.

– Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Қаныш Сәтбаев тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым, геолог, тұңғыш академик. Сондықтан, ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріптермен жазылған. Ой-өрісі кең, ғылыми қызметті шебер ұйымдастырған адам ретінде Сәтбаевтың ұлылығы еліміздің интелектуалы еліміздің ғылыми дамуына бағыт берді. Еліміздің бүгінгі инновациялық және ғылыми әлеуетінің іргетасын қалады, – дейді ол.

Ерболат Сатыбалдин ғалымның 1927 жылы жас маман инженер ретінде Қарсақбай кенішінде бастағанын, кейін үлкен Жезқазғанның ашылуына, Қазақстанда түсті металлургия өндірісіне бастау болғанын айтады. 

– Еліміздің түрлі-түсті металлургиясының флагманына айналған Жезқазған мыс өндіру кәсіпорнына атаулы мерейтойға орай академиктің атын беру тарихи әділдік болар еді деп ойлаймын. Тәуелсіз Қазақстанның өнеркәсібін өркендетуге үлес қосып, осындай өндіріс алабының алғашқы ұйымдастырушысы болған Қаныш Сәтбаевты ұмытпау керек, – дейді Сатыбалдин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір