• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:16:49
Алматы
+12°

27 Ақпан, 2019 NEWS

Шүкеев Түркістан облысының әкімі болды

ҚР Ауылшаруашылығы экс-министрі Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі болды

ҚР Ауылшаруашылығы экс-министрі Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылдың 12 наурызында Түркістан қаласында дүниеге келді. 1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдады.

1986-1988 жж. - ҚазКСР Мемлекеттік жоспары жанындағы Жоспарлау үрдістерін автоманттадыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

1988-1991 жылдары - Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің аспиранты;

1991-1992 жылдары - Жоспарлау үрдістерін автоматтандыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері;

1992-1993 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;

1993 жылы - ҚР Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

1993 - 1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшісі басшысының, әкімінің орынбасары;

1995 жылы қараша - 1997 ж. наурыз - ҚР Экономика министрі;

1997 жыы наурыз - қазан - ҚР Экономика және сауда министрі;

1997 жылы шілде - қазан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (макроэкономика, өнеркәсіптің шұғыл қызметі, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен қарым-қатынас мәселелері жөніндегі);

1997 жылғы қазан - 1998 жылғы сәуір - «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ Басқармасының төрағасы;

1998 жылғы сәуір - тамыз - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары;

1998 жылы тамыз - 2004 жылғы наурыз - Қостанай облысының әкімі;

1997 жылы ақпан - қараша - ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің мүшесі;

1997 жылғы қараша - 1998 жылғы тамыз - ҚР Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі;

1997 жылғы наурыз - желтоқсан - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ Бақылау кеңесінің төрағасы;

2004 жылдың наурызынан бастап Астана қаласының әкімі;

2006 жылдың қыркүйегінен бастап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

2007 жылдың тамызынан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;

2009 жылдың 3 наурызында Қазақстан Президентінің Қаулысымен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары;

2011 жылдың 11 сәуірінде Мемлекет басшысының қаулысымен кезекті рет ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №1600 қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалып, Директорлар кеңесінің құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы ретінде сайланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 1493 қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы ретінде қайта сайланды. 

Еске сала кетсек, Өмірзақ Шөкеев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі қызметін 2017 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келді.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір