• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 01:17:37
Алматы
+7°

21 Қараша, 2024 NEWS

Мәулен Әшімбаев тарифтерді өсіру керегін айтты

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев тарифтің жылдар бойы көтерілмеуінің салдарынан еліміздегі энергетика саласы қиын жағдайға түскенін айтты.

Ашық дереккөзден

“Тарифтер жылдар бойы көтерілген жоқ. Салдарынан біздің энергетикамыз, бүкіл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешеніміз біршама қиын жағдайда тұр”, – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол мемлекет бюджетінің шығыны мен еліміздегі инфляцияны тежеу жолдарына тоқталды.

- Қазір соңғы айлардың нәтижесін көріп отырмыз. 8,25%-ға дейін көтерілді емес пе? Меніңше, жылдық мәнде 8,5%-ға жетті. Біз бұған куә болды. Сол себепті инфляция өздігінен төмендей береді деген дұрыс емес. Ол өздігінен төмендемейді, оның өсуіне әсер ететін маңызды факторлар бар”, – дейді Парламент сенатының төрағасы.

Мәулен Әшімбаев бұл ретте Ұлттық банк пен үкіметтің қаржы блогы тез арада үйлесімді жұмыс істеп, елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету мақсатында келісілген бағытты ұстануы маңызды екенін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір