• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:44:21
Алматы

Еліміз халықаралық банктен 272 млрд теңге қарыз алмақ. Мәжіліс Халықаралық қайта құру және даму банкінен несие алу туралы келісімді мақұлдады. Тиісті құжатты Үкімет әзірлеген. Қарыз 11 жылға беріледі. Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның сөзінше, Үкімет қомақты қаражатты бюджет тапшылығын реттеп, ел экономикасының тұрақтылығы үшін алып жатыр.

- Аталған келісім 2024 жылғы 11 қазанда Астанада жасалған. Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің қарызы Қазақстан Республикасына 84,9 млрд йен сомасында беріледі. Оны өтеу мерзімі - 11 жыл. Қарыз қаражаты ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылып жатыр. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, - деді палата депутаты Татьяна Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

Заң жобасы 2024 жылғы 18 қарашада Үкімет қаулысымен енгізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір