• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:37:56
Алматы

20 Қараша, 2024 NEWS

Уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн теңге бөлінеді

Бұл туралы Сенат отырысынан кейін журналистерге ғылым министрі Саясат Нұрбек айтты. Министр зерттеуге бюджеттен қаржы бөлінетінін айтты.

Көрнекі сурет

– Үш жылдық бюджетке 160 миллион теңге түсті, менің ойымша, соңында 90-100 миллион теңгедей. Біз жақын арада конкурс жариялаймыз, қазірдің өзінде ұлттық ғылыми кеңес нақты құнын анықтайды, – деді министр.

Ол қоғамның сұранысына байланысты қосымша зерттеулер жүргізуге шешім қабылдағанын айтты. Бірақ үкімет халықаралық ұйымдарды тарта отырып, бұл мәселені зерттеп қойған.

– Бұл – әлеуметтану емес, қолданбалы зерттеу. Циркадты ырғақ деген түсінік бар. Бұл –  барлық тірі организмдер өмір сүретін биологиялық ырғақ. Ырғақ таңертең оятаады және кешке ұйықтатады. Енді гормоналды деңгейлер, мелатонин бөлу, циркадты ритм зерттеледі. Содан соң олар қабылданған шешімдермен сәйкес келе ме, жоқ па, белгілі болады, – деді Саясат Нұрбек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір