• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:17:39
Алматы

20 Қараша, 2024 NEWS

2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілмек

Мәжіліс Оқу ағарту министрлігі бастамашы болған білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. 2027 жылдан бастап балабақшаларды лицензиялау тәртібі енгізіледі.

Көрнекі сурет

Яғни, депутаттардың бастамасымен осы заңға 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдарды лицензиялау тәртібі енгізілмек.

- Заң кәсіби қабылдаушы отбасылар қызметінің құқықтық негіздерін, осы саладағы құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық саласындағы кәсіби қабылдаушы отбасылар мен уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін анықтайды. Сондай-ақ, қосымша білім беру ұйымдары (үйірмелер, секциялар және т.б.) үшін қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама тәртібі белгіленеді. Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарда онлайн оқыту нысаны мен академиялық ұтқырлық қағидаты, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан мектептердегі әлеуметтік жағынан осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету тетіктері қарастырылады”, – делінген хабарламада. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: балабақша лицензия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір