• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:10:02
Алматы
+12°

16 Наурыз, 2019 NEWS

49 адамды өлтірген қандықол қылмыскердің желідегі соңғы жазбасы

Тікелей эфирде бейбіт тұрғындарға оқ атқан террорист қолға түсті

Тікелей эфирде бейбіт тұрғындарға оқ атқан террорист қолға түсті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Mk.ru сайтының дерегіне сүйеніп.

Шабуыл жасар алдында Брентон Таррант өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қолындағы қару мен оқ-дәрілерін көрсетіп жазба жариялаған. Оның қолында винтовканың оқ-дәрілері болыпты. Ал көлігінің алдыңғы орындығында толық бір арсенал қару болған. Сондай-ақ, қылмыскер өзімен бірге бензин алып келіп, мешітті өртеуді жоспарлапты. Алайда жасырынуға асыққан ол бұл ойын іске асыра алмады.

Ол жаяу жүргіншілерді өлтіріп, кейіннен көлікте кетіп бара жатқан адамдарға оқ атқан. Қайтадан көлігіне келіп, қаруын оқтап алып, қайтадан мешітке кіріп, жарақаттанған адамдарды атып өлтірген. Мешіттен шығып, жоғары жылдамдықта көлігін айдап оқиға орнынан дереу ізін суытқан.

Деректерге көрсетілгендей, тұрғындарға оқ жаудырған террорист Жаңа Зеландия азаматы Брентон Таррант екен. Оның үстінен дереу қылмыстық іс қозғалып, 16 наурызға соты белгіленді.

Соңғы деректерге сәйкес, Жаңа Зеландияда мешітте қаза тапқандардың саны 49-ға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы мешітте белгісіз біреу тұрғындарға шабуыл жасап, біршама адамдарды өлтірген. Онымен қоймай, 17 минутқа созылған атысты қылмыскер тікелей эфирге түсіріп отырған. Кейіннен полицияның талабы бойынша ол видеолар желіден өшіріліп тасталды.

Айта кетейік, 28 жастағы Брентон Таррант Жаңа Зеландияға Австралиядан көшіп келіпті. Қылмыскер оқ атқан қаруда ислам-фобиялық мен антимигранттық жазулар болған. Қаруға ол жазулар ақ түспен жазылыпты. Қанды оқиғадан кейін қылмыскер өз ісін терракт деп атады.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір