05 Маусым, 2019
Сәуле Әбілдаханқызын жедел жәрдем алып кетті (видео)
Содан соң "чаттарды біздің көзімізше өшіріп, болған оқиға туралы ләм-мим демейсің" деп шарт қойған.
Сәуле Әбілдаханқызы ауыр хәлде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қазір қоғам белсендісін Алматыдағы №7 ауруханаға жедел жәрдем алып кеткен. Дәрігерлер миы шайқалған деген диагноз қойды.
Еске сала кетсек осыған дейін Сәуле Әбілдаханқызын Алмалы аудандық ІІД-ге алып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Сәуле Әбілдаханқызын Науырызбай аудандық ІІБ-де өткен беттестіруден кейін соққыға жыққан. ІІБ-нан шыққан соң он шақты белгісіз әйелдер шашынан тартып, ішінен, басынан бірнеше рет ұрған. Сондай-ақ балағаттап, чаттарды өшіруді талап еткен. Содан соң "чаттарды біздің көзімізше өшіріп, болған оқиға туралы ләм-мим демейсің" деп шарт қойған. Болған оқиғаны маска киген жігіт видеоға түсірген. Біраз уақыттан соң белгісіз әйелдер тарап кетіпті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір