06 Маусым, 2019 Оқиғалар
Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Айман Умароваға белгісіз біреулер қоқан-лоқы көрсеткен (фото)
Бұл туралы Айман Умарова да, оны қолдаушылар да өз парақшаларында жазған.
Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Айман Умароваға белгісіз біреулер қоқан-лоқы жасаған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Күні кеше адвокаттың итін белгісіз біреулер өлтіріп, аузын топыраққа толтырып кеткен. Бұл туралы Айман Умарова итінің суретін салып, "Оңбағандар! Итім Бориска сендерге не істеді? Мұнымен не айтқыларың келді? Жануардың не кінәсі бар?" деп, Facebook парақшасында жазды.
Адвокат мұны "ауызыңды жап, әйтпесе сені де өлтіреміз" деген сигнал болса керек деп топшылап отыр.
Мұның алдында Умарованың есігіне өлі мысықты іліп кеткен екен. Бұл да қылмыстық топтар мен қара қоғам мүшелері үнемі қолданатын дағдылы амалдар деп жорамалдап отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір