• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:38:34
Алматы
+35°

17 Маусым, 2019 Әлеумет

Үш ұрпақ: батыр Ерлан Нұрғалиевтің ұлы мен немересі

Ерлан Нұрғалиев - браконьерлер қолынан мерт болған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы, "Халық қаһарманы"

Браконьерлердің қолынан мерт болған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің танымал болған суретінің жанында оның ұлы мен немересі суретке түсті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Суретті ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жариялады.

«Үш ұрпақ. Суретте батыр Ерлан Нұрғалиевтің ұлы мен немересі», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.

Естеріңізге сала кетейік,  «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницык Қарағанды облысының Нұра ауданының аумағына рейд жүргізу барысында атып алынған 5 киікті тауып, оны атқан адамдардың ізіне түскен. Инспектор Ерлан Нұрғалиев ақбөкендерді қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу барысында браконьерлердің қолынан ауыр жарақат алып, көз жұмған болатын.

Ерлан Нұрғалиевтің сын сағатты ерлігі халықты да, халық қалаулыларын да бей-жай қалдырған жоқ. Мәжіліс депутаттары инспектор Ерлан Нұрғалиевке "Халық қаһарманы" атағын беруді ұсынды. 

Халықтың да, халық қалаулыларының да өтініші орындалып, марқұм Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкқа ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені берілді.

Ерлан Нұрғалиев

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір