• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:34:35
Алматы
+35°

21 Маусым, 2019 Спорт

Назарбаев: Менің отбасым мен жақындарым сіздердің игіліктеріңіз үшін спорт кешенін салды (видео)

Назарбаев бұл спорт кешенді өзінің отбасы мен жақындары тұрғындардың игілігі үшін салғанын айтып өтті.

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында бой көтерген "Үшқоңыр" спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Назарбаев өңірдің барша тұрғындарын «Үшқоңыр» спорт кешенінің ашылуымен құттықтап, бой көтерген нысанның жастарды тәрбиелеу және дене шынықтыру ісіндегі маңызын атап өтті.

"Біз бүгін аудандағы бірегей спорт кешенін аштық. Дені саудың – жаны сау. Қазіргі заманда дені сау адам ғана табысқа жетеді. Сондықтан, біз бұл нысанды жастарымыз үшін арнайы салдық", – деді Қазақстанның экс-президенті.

Сонымен қатар Назарбаев бұл спорт кешенді өзінің отбасы мен жақындары тұрғындардың игілігі үшін салғанын айтып өтті.

"Менің отбасым және жақындарым осы спорт кешенін арнайы сіздердің игіліктеріңіз үшін салды. Сіздерге зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін. Баршаңызды тағы да спорт кешенінің ашылуымен құттықтаймын", – деді Назарбаев.

Жаңадан ашылған спорт кешенінде бокс, күрес және тренажер залдары, жүзу бассейні, теннис корты, көпфункционалды залдар және басқа да спорт инфрақұрылымдары бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір