• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:24:55
Алматы
+12°

Алматыда шыны сынығымен ер адамның мойнынан кесіп өлтіріп кеткен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының сайтына сілтеме бере отырып. 

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қаскелең қалалық ауруханасына мойны жарақатанған ер адам ауыр халде түскен.

Дәрігерлердің көмегіне қарамастан 50 жастағы зардап шегуші есін жимастан көз жұмды.

Оны еңбек алаңында жалдамалы жұмысшылар арасында көргендер бар екен. Полиция өлімге қатысты күдіктіні ұстады.

"Іргелі ауылының тұрғыны ұсталды. Олар бір бірімен таныс болған. Марқұм ер адам да, күдікті не әртүрлі жұмыс істеп ақша тауып жүрген. Екеуі жандалдасып қалып, соңында төбелеседі. Күдікті марқұмның мойнын шыны сынығымен кесіп жібереді. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр", - деді облыстық полиция департаменті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір