• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:58:29
Алматы
+35°

03 Шілде, 2019 Саясат

Айдос Үкібай Данияр Ақышевтың қайда екенін айтты

Айдос Үкібай Данияр Ақышевтың қазір қай жерде екенін айтты

Данияр Ақышев өз жұмыс орнында отыр. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews сайтына сілтеме бере отырып.

–Данияр Ақышев өз жұмыс орнында отыр. Негізі қылмыстық іс қозғалған жағдайда кеңсеге келіп, басшылықты бұл жағдайдан хабардар етеді. Бірақ ондай ештеңе болған жоқ. Біздің кеңсе ешқандай органнан ресми түрде қағаз алмады,- дейді Айдос Үкібай

Естеріңізге сала кетсек, БАҚ өкілдері Ұлттық банктің экс-төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы жарыса жазған еді. Данияр Ақышев 9-сәуірден бастап Тұңғыш Президенттің кеңесшісі болып тағайындалған. 2015 жылдың қазан айы мен 2019 жылдың ақпан айы аралығында Ұлттық банк төрағасы болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір