15 Шілде, 2019 Оқиғалар
42-жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты
Оқиға Алматы облысында орын алған
Талдықорғанда 42-жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен күйеуі және күйеуінің танысы ұсталды. Олар мәйітті жер үйдің жертөлесіне жасырған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлі-зайыптылардың үйінде жанжал болып, жолдасы әйеліне пышақ жарақатын салған. Оқиға 12 шілде күні жалдамалы жер үйде болған. Артынша күдікті танысын шақырып, марқұмның мәйітін жасыруға көмек сұрап, қылмысын бірігіп жалғастырған.
"Қазір екі күдікті де ұсталды. Әйелдің мүрдесі табылды. Қажетті соталды сараптамалар тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр",- деп мәлімдеді аталған ведомство қызметінен.
Күдікті қылмысты ас үй пышағымен жасаған. Бұл зат айғақ ретінде іс материалына тіркелді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір