• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:39:30
Алматы
+7°

29 Шілде, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Ерлік Кебекбай: Сотқа да сот керек

Халықтың билікке, әділдікке, сот жүйесіне деген сенімін арттыруда сот жұмысының ашықтығы, жариялылығы, қолжетімділігі маңызды рөл атқарады.

Журналист Ерлік Кебекбай "Сотқа да сот керек" деп аталатын бұл мақаласын белгілі бір себептермен өз оқырмандарына Facebook желісі арқылы бөлісуді жөн көрді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сот шешіміндерін толық зерттеп, зерделеп заң жүзінде түсіндірген Ерлік мырза "Сотқа да сот керек" атты тақырыппен өз оқрмандарына кезекті мақаласын жолдаған болатын.

"Халықтың билікке, әділдікке, сот жүйесіне деген сенімін арттыруда сот жұмысының ашықтығы, жариялылығы, қолжетімділігі маңызды рөл атқарады. Сондықтан сот органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын шақырып, өзінің атқарған қызметінің қорытындысын жариялап, жетістерімен бөлісіп, олқы тұстарын түзету үшін қандай іс-шараларды жүзеге асыратынын ортаға салуы әрдайым жұртшылықты да елең еткізеді. Біз де осы үмітпен Алматы қалалық сотының табалдырығын аттағанбыз. Алайда мұндағы мемлекеттік тілдің қолданылуы алып-ұшқан көңілімізді су сепкен басып тастады. Өйткені 2017 жылғы сот төрелігін жүзеге асырудағы жұмыс қорытындылары бойынша Алматы қаласы соттарының кеңейтілген кеңесі бойынша «Заң газетінде» 2018 жылғы 6 ақпандағы (№10 (3035) «СОТ ҚАШАН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ?!» деген материалымызда сөз болған жағдай биыл тағы қайталанды. Баспасөз мәслихатын жартыжылдықтың қорытындысына арналған баяндамамен бастаған сот төрағасы Нұрғазы Әбдіқановтың сөзінен бір ауыз қазақша естуге зар боп қалдық. «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді» дегендей бастығының салып берген ізінен одан кейін сөз алған Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қараманов пен Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақыт Қасейінов де жаңылмады. Тек конференцияның сұрақ-жауап алмасу бөлімінде ғана «Заң газеті» тілшісінің мемлекеттік тілде қойлыған сұрағынан Б.Қасейінов пен Н.Әбдіқанов мырзаны еріксіз қазақша сөйлеткендей болдық. Оның өзі басы қазақша басталып, аяғы қайта орысшаға ұласты. Сонымен басымыз әңкі-тәңкі болып біз қайттық, бір міндеттен құтылдық деп қуанып олар қалды. Әрине мұндай «есеп берулерден» кейін мемлекеттік тілде толыққанды ақпарат ала алмаған бұқаралық ақпарат құралдары еріксіз халық пен билік органы арасында дәнекер ғана емес аудармашы қызметін қоса атқаруына тұра келеді. 
Сот қараған істер
Алматының бас судьясының айтуынша, 6 айда аудандық және оған теңестірілген соттарға 82 955 іс пен өтініш келіп түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 153,6 пайызға кем. Атап айтқанда, қылмыстық істер бойыша 247-ге, әкімшілік істер бойынша 433-ке, азаматтық істер бойынша 14 728-ге азайып отыр. Өндірісте аяқталған істің саны биыл 72 177-ті құрады, былтыр ол 88 600 болатын.
ҚР Жоғарғы Сотының статистикалық мәліметтеріне қарағанда қылмыстық істерді қараған Алматы қаласының соттары 2119 істі аяқтап, 1377 тұлғаны соттаған. Оның 436-сы немесе 31,7 пайызын бостандығынан айырылды. 2218 сотталып, тоқтатылып, ақталған тұлға мен апплеяциялық инстанцияға түскен 399 қылмыс істің 10 тұлғаға қатысты үкімі күшін жойып, 88 тұлғаға қатысты үкімі өзгертілді. 
Кассациялық тәртіпте 4 адамға қатысты үкімнің күші жойылып, 6 адамға қатысты үкім өзгертілді. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіш. Жалпы, кассациялық және апелляциялық сатыларда 14 адамға қатысты үкімдер жойылды (республикада 3-орын) және 108 адамға (7-орын) өзгертілді. Қалалық соттармен және алқабилердің қатысуымен 46 адамға қатысты 30 ақтау үкімдері шығарылды.

Азаматтық іс бойынша биылғы жартыжылдықта соттарға 3817 іс пен 59 192 өтініш түсті. Былтырғы жылдың сәйкес мерзімінде ол 3852 іс пен 73 885 өтнішті құраған. Өндірістегі 52 994 азаматтық іс аяқталып, қаралып, шешім шығарылған іс 16 178-ге азайып, 2 126 сыртай шешім шықты. Апеляциялық, касациялық тәртіппен күшін жойып, өзгертілген шешім 762 болды. Әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот пен кәмелетке толлмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа 17 729 іс түскен. Әкімшіліктің өндіру бойынша 17977 тұлғаға 16 161 іс бойынша қаулы шығарылып, аппелляциялық тәртіпен 37 шешім өзгертілді.
«Татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша Алматы қалалық соты республикада бірінші орынды иеленді. Алты ай ішінде, қалалық соттың судья-бітімгерлері 65 даулы мәселені шешті. Қалалық сот қараған әкімшілік істердегі 629 шешімнің біреуі ғана жойылды. Тағы бір қаулыға жоғары тұрған сатыменен түзету енгізілді. Бұл республикадағы екінші көрсеткіш. Ал аудандық соттармен қаралған азаматтық іс саны 38 336. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 30 пайызға азайған. Ол соттарға жүктемені азайту үшін жаңа заңнаманы енгізудің арқасында жүзеге асып отыр. Кассациялық сатыда бірінші инстанция судьяларының күшін жойған шешімдер 0,07 пайызды құрады. Ол республика бойныша төртінші көрсеткіш. Айта кету керек, республикада қаралған әрбір алтыншы істі Алматы қалалық сотының судьялары қарады», – деген Н.Әбдіқанов жүктеменің азаюына қарамастан жойылған шешімдердің саны артта түскенінін де жасырмады. Мысалы, апелляция сатысында аудандық және оған теңестірілген соттардың 387 шешімінің күші жойылды. 2018 жылы 313 шешім жойылған болатын. Биыл 330 шешім өзгертілді, бұл 2018 жылға қарағанда екі шешімге кем.
Ең көп шешімдерінің күші жойылған, және өзгеруге жол берген көптеген судьялардың жұмысын сынға алған Алматы қаласының бас қазысы бірқатар судьялар туралы материалдар ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриіне жіберілгенін де айтты. Бұдан басқа, азаматтарды тиісті түрде қабылдауды ұйымдастыруға шаралар қабылдамаған аудандық соттардың төрағаларының жұмысы сынға ұшырады. Жиын барысында, оларға азаматтарды күнделікті қабылдау өткізу, сондай-ақ Facebook әлеуметтік желісінде және олардың құзыреті шегінде барлық келіп түскен өтініштерге дереу жауап беруге жеке парақшаларды ашу тапсырылды.
Мемлекеттік тілдің үстемдігін сот мойындай ма?
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум арқылы қабылданған «Қазақстан Республикасы Конституциясының» 7-бабының 1 тьармағында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жазылған. Ал 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстантан Республикасындағы тіл туралы» заңның 4-бабында: « Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға мiндеттi» екені жазылған. Алайда біздіғң мәртебелі соттарымыз Констиуцияның 4-бабьының 2-тармағындағы: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады». Сондай-ақ «Қазақстантан Республикасындағы тіл туралы» заңның «Орыс тiлiн қолдану» туралы 5-баптағы «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» дегенге арқа сүйегісі келеді. Осы арада 2011 жылғы 29 масумыдағы ҚР Президентіенің №110 Жарлығымен қабылданып, 2019 жылдың 19 сәуіріндегі №29 Жарлығымен күшін жойған «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға апрналған мемлекеттік бағдарламасы» еріксіз еске түсері анық. Онда: мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін (2017 жылға қарай – 80 , 2020 жылға қарай – 90 %); мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін (2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 100%); мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін (2014 жылға қарай – 53 , 2017 жылға қарай – 62 , 2020 жылға қарай – 72 ); қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесін (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай – 100%); этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесін (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 80 ) ұлғайту қарастырылған болатын. Ал ҚР Мәдениет және спорт министрі 2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ел тұрғындарының үлесі 83,1 пайызға жеткенін мәлімдеген болатын. Яғни қоғамдық қатынастардың барлық саласында Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейтуге барлық мүмкіндік бар. Яғни Алматы қалалық сотының бұл үрдістен тыс қалуы бәркелді дейтіндей құптарлық нәрсе емес. Қайта мәдениет пе білімнің үлкен орталығы ретінде атына сын болуы тиіс. Тек оны түсініп, нәтиже шығарар жан болса.",- делінген жазбада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір