• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 03:53:33
Алматы

28 Қараша, 2024 NEWS

Астанада Ресейдің туының орнына Украинаның туы көрсетілген: Қылмыстық іс қозғалды

Астанадағы лэд-экрандардың бірінде Ресей туының орнына Украинаның туы көрсетілген. Осы жағдай бойынша іс қозғалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Ашық дереккөзден

- Кеше "Керуен Медиа" ЖШС-ға қатысты оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен жабдықтың жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылуда. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады, - дейді ІІМ хабарламасында.

ІІМ заң және тәртіп қағидатын мүлтіксіз орындау бойынша жұмысты жалғастыруда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір