• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 01:22:49
Алматы
+7°

28 Қараша, 2024 NEWS

Кентау экологиялық апат аймағы атанды: Енді тұрғындардың жалақысына 20% үстемақы қосылады

Кентау қаласы экологиялық апат аймағы деп танылды және тұрғындар жалақысына 20% үстемеақы қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды хабарлады.

Фото: pixabay.com

Дархан Сатыбалды бұл мәселе ондаған жыл бойы көтеріліп келе жатқан мәлеле екенін айтады.

«Шардара, Арыс, Отырар, Сауран аудандарының және Түркістан қаласының бір бөлігі — бәрі де Арал маңындағы дағдарыс алдындағы аймаққа жатады. Сондықтан олар экологиялық аймаққа енеді. Алайда жағдай мынадай: Сауран ауданы Кентау қаласымен шектеседі, оның жартысы Кентау қаласының аумағында орналасқан және экологиялық апат аймағына енбейді. Осыған байланысты тұрғындар «Кентауды Арал маңының дағдарыс алдындағы аймағына қосу туралы» нормативтік құжат қабылдау мәселесін көтеріп жатыр», — дейді ол.

Бұл шешім тұрғындар жалақысына 20% үстемеақы қосуға мүмкіндік береді. Және ол үшін қосымша 6 миллиард теңге қажет екенін де айтты.

«Денсаулық сақтау және Экология министрліктері тиісті зерттеулер жүргізіп, экологияның Кентау тұрғындарына да әсер ететінін анықтады. Осылайша, Кентауды экологиялық аймаққа енгізуге болады деген шешім қабылданды. Бұл үшін қосымша 6 миллиард теңге қажет. Қазіргі уақытта осы қаражаттың қайдан бөлінетінін — республикалық немесе жергілікті бюджеттен алу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Дегенмен, жалпы алғанда, мұндай шешім қабылданғанын айтуға болады», — деді Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір