«Қазақтелеком» Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арнап салынған жаңа үйлерді оптикалық желіге қосты

/uploads/thumbnail/20260915165445914_big.webp автор

Құлсарыдағы «Болашақ» жаңашағынауданындағы 100 үйдің барлығы«Қазақтелекомның» жоғары жылдамдықтыинтернетіне қосылуға мүмкіндік алды. Бұл үйлер 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларүшін салынған. Компания мұнда GPON технологиясыбойынша оптикалық желі тартып, тұрғындарқоныстанғанға дейін әр үйді интернетке қосуғақажетті инфрақұрылымды дайындады.

2024 жылдың көктемінде Құлсары Атырау облысындасу тасқынынан ең көп зардап шеккен қалалардың біріболды. Көптеген отбасы баспанасынан айырылды. Солтұрғындар үшін қалада 100 үйден тұратын жаңа«Болашақ» шағынауданы салынды.

Жаңа үйлермен бірге мұнда заманауи байланыс желісіде жүргізілді. «Қазақтелеком» GPON технологиясыбойынша оптикалық желі тартып, шағынаудандағы әрүйге жоғары жылдамдықты интернет қосуға мүмкіндікжасады.

Жаңа жерге көшкен тұрғындарға енді интернет желісінің тартылуын күтіп отырудың қажеті жоқ. Оларкөшіп келген күннен бастап интернетті жұмысқа, оқуға, жақындарымен байланысуға және күнделікті қажетінепайдалана алады. Әсіресе жаңа оқу жылы басталған кездебалалары бар отбасылар үшін интернеттің қолжетімдіболуы маңызды.

Шағынауданда GPON технологиясы қолданылады. Бұл технологияда оптикалық талшық тікелей үйге дейінжеткізіледі. Соның арқасында бірнеше құрылғы біруақытта интернетке қосылса да, байланыс жылдам әрітұрақты жұмыс істейді.

«Біз үшін жаңа үйлерге көшіп жатқанотбасылардың байланыс қызметтерін бірден пайдаланаалуы маңызды болды. СондықтанБолашақтағытелекоммуникациялық инфрақұрылымды тұрғындарқоныстанғанға дейін дайындадық. Оптикалық желішағынаудандағы 100 үйдің барлығын қамтиды. Тұрғындар жаңа үйге көшкен алғашқы күннен бастапинтернетті жұмысқа, оқуға, жақындарыменбайланысуға және күнделікті шаруаларын шешугепайдалана алады», – деді «Қазақтелеком» АҚ Бөлшекбизнес дивизионы Батыс өңірінің коммерциялыққызмет жөніндегі өңірлік директоры ТаңшолпанҚұрманғазиева.

«Болашақ» шағынауданын интернетпен қамту«Қазақтелекомның» Атырау облысындағы оптикалықжеліні дамыту жұмыстарының бір бөлігі. 2026 жылдыңбасынан бері өңірдегі 40 көпқабатты үйде жоғарыжылдамдықты интернетке қосылу мүмкіндігі жасалды. Бұл үйлерде барлығы 4 741 үй шаруашылығы бар.

Компания қолданыстағы тұрғын аудандарда да, жаңадан салынып жатқан нысандарда да оптикалықжеліні кеңейтуді жалғастырып келеді. Негізгі мақсатжаңа үйлер пайдалануға берілген кезде тұрғындардыңинтернетке бірден қосылуына мүмкіндік жасау.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар