Жаңа кәсіпорындардан көлік хабына дейін: Алматы облысында қандай жобалар инвесторлардың қызығушылығын тудырды?

/uploads/thumbnail/20261016134852914_big.webp автор

Алматы облысында әлеуетті инвесторлармен көлік-логистикалық хаб салу, өндіріс орындарын ашу және «Сокол» спорттық-техникалық кешенін дамыту мәселелері талқыланды.

Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Іле ауданында орналасқан «Сокол» спорттық-техникалық кешеніне барып, Қытай Халық Республикасының делегациясымен келіссөз жүргізді.

Делегацияны Қытайдың Цзянсу провинциясына қарасты Нанкин қаласы Сюаньу ауданы Халық үкіметінің басшысы Тун Сяоцзя (Tong Xiaojia) бастап келді. Оның құрамында мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің және Шанхай ынтымақтастық ұйымы Энергетикалық орталығының өкілдері болды.

Кездесуге «Сокол» спорттық-техникалық кешенінің бас директоры Дастан Ибрагимов та қатысты.

Келіссөз барысында шетелдік серіктестер «Сокол» кешенінің басшылығымен бірлесіп, Алматы облысында бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Атап айтқанда, қала құрылысы жобалары, ірі және шағын өндіріс орындарын ашу, сондай-ақ көлік-логистикалық хаб салу мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов өңірдің нақты инвестициялық ұсыныстар мен ұзақ мерзімді іскерлік ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті.

Облыс басшысының айтуынша, өңірде инвесторларды ірі немесе шағын деп бөлмейді. Ең бастысы, нақты атқарылған жұмыс, тартылған инвестиция көлемі және жүзеге асырылған жобалардың нәтижесі.

Сондай-ақ ол облыстың ауқымды инвестициялық бастамалармен қатар шағын және орта бизнесті дамытуға да мүдделі екенін жеткізді.

Кездесуде «Сокол» спорттық-техникалық кешенінің даму перспективалары мен оның бірлескен инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Қатысты Мақалалар