Белгілі актер Оңдасын Бектасов сайлауға қатысуды неліктен маңызды екенін айтты

    Әсел Болатқызы
    Белгілі актер Оңдасын Бектасов сайлауға қатысуды неліктен маңызды екенін айтты Фото:

     

    Бүгін театр және кино актері Оңдасын Бектасов Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Өнер иесі №653 сайлау учаскесінде дауыс берді.

    Оңдасын Бектасов сайлаудың маңызы туралы пікірімен бөлісіп, елдің дамуына үлес қосуға дайын кандидаттарға сәттілік тіледі.

    «Бұл – еліміз үшін тарихи күн. Қазақстанның болашағына үлкен жауапкершілікпен қарайтын кандидаттарға сәттілік тілеймін. Ортақ шаңырағымыздың жарқын болашағы үшін сайлауға белсенді қатысу маңызды», – деді актер.

    Еске салайық, Алматыда мәслихат депутаттарының сайлауы партиялық тізімдер және 21 бірмандатты сайлау округі бойынша өтіп жатыр. Барлығы 168 кандидат тіркелген.

    Өз сайлау учаскеңіздің мекенжайын @almaty_maslihat_2026 Telegram-боты немесе бірыңғай 109 нөмірі арқылы білуге болады.

    Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар