ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басшысын ұстағанын мәлімдеді

    Әсел Болатқызы
    ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басшысын ұстағанын мәлімдеді  Фото:

    23 қарашада ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қ. Омарбековті және өзге де адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысты деген күдікке ілінген болатын. 

    Ұлттық қауіпсіздік қызметінің дерегінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және Тәртіп»қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасады.

    Еске сала кетейік, 12 қарашада ҰҚК «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Н. Жақыпов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Е. Отыншиев және сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген өзге де тұлғаларды ұстаған болатын. 

    Ал 18 қарашада сот «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті қамауға алуға санкция берді.

    Қатысты Мақалалар