Алматыда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы әрі драматург Омарғазы Айтанұлының көп томдық шығармалар жинағының салтанатты тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Әдеби-мәдени шараға зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері және оқырман қауым қатысады деп күтілуде.
Жиын барысында қаламгердің рухани мұрасы, шығармашылық жолы және қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесі сөз болмақ.
Кітап тұсаукесері 2026 жылдың 20 қарашасында сағат 15:00-де Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14 мекенжайындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өтеді.
Шараны Қазақстан Жазушылар одағы, Қожаберген батыр атындағы халықаралық қоғамдық қор және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Барша әдебиетсүйер қауым мен қала тұрғындары кітап тұсаукесеріне шақырылады. Көпшілік үшін кіру тегін.