ЕРЛАН ҚАРИН ҚАЗАҚСТАН ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

/uploads/thumbnail/20260831113100173_big.webp ақорда

Құрылтай депутаттары Ерлан Кариннің Қазақстанның вице-президенті лауазымына кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды Qamshy.kz. 

Вице-президентті президент тағайындайды. Бірақ оған Құрылтайдың келісімі керек. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды.

Ерлан Тынымбайұлы Қарин осыған дейін Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды.

Білімі:

  • К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірді. «Тарих және география пәнінің мұғалімі» біліктілігі берілді (1996 ж);
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірді (1999 ж).

Еңбек жолы:

  • Ақтөбе қаласының № 33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі (1996 ж);
  • Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары (1998 ж);
  • Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры (2000 ж);
  • ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2002 ж);
  • Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауи саясат халықаралық институтының бас директоры (2003 ж);
  • Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы (2004 ж);
  • Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі (2006 ж);
  • ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (2008 ж);
  • «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму бойынша хатшысы (2008 ж);
  • Вашингтондағы (АҚШ) Америка университетінің арнайы шақырылған профессоры (2013 ж);
  • ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (2014 ж);
  • «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (2017 ж);
  • ҚР Президентінің кеңесшісі (2019 ж. сәуір — 2020 ж. шілде);
  • ҚР Президентінің көмекшісі (2020 ж. шілдеден бастап);
  • ҚР Мемлекеттiк хатшысы (2022 ж);
  • ҚР Мемлекеттік кеңесшісі (2022-2026 ж).

Айта кетейік, бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсынысты қашан енгізетінін айтты.

Қатысты Мақалалар