Кітап дүкендеріндегі ұзын-сонар кезек: Жаппай кітап оқитын ұлтқа айналу ісі қалай жүріп жатыр?

/uploads/thumbnail/20261017155532430_big.webp ЖИ/ИИ

 

Адам баласының ой-өрісін кеңейтіп, танымынтереңдететін қасиетті құрал болса, ол – сөзсіз, кітап. Кітап оқу ісіне еліміз ерекше мән беріп, жаппай кітап оқитын ұлтқа айналу процесі қарқынды түрде жүріп жатыр. Сәйкесінше тұтас бір қоғамдық қозғалыс қалыптасты. Ұлтың рухани тұтастығын сақтау жолында мемлекет тарапынан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру туралы маңызды міндеттер жүктелген еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы еліміздің түкпір-түкпірін қамтып, кітап оқитын оқырмандардың саны айтарлықтай артты. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен іске асқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы бүгіндеқоғамның бет-бейнесін оң бағытқа өзгерте бастағанын байқап отырмыз.

Жобаның жүйелі жұмыс істеуі үшін арнайы құрылған қоғамдық қорлар үйлестіруші міндетін атқарып, әрбір оқырманның жетістігін тіркейтін бірыңғай платформа ұсынған. Қазіргі таңда еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды республикалық марафон-жобаға қатысушылар саны 1 425 844 адамды құрайды. Сондай-ақ өзге де деректерге көз жүгіртер болсақ, оқылған кітаптар саны – 169 286. Қатысушылар сайтта оқыған кітаптары туралы пікір қалдырып, кітап оқығанын растайды. Бүгінде сайттағы пікірлер саны 177 мыңнан асқан. Қысқа мерзімде ел азаматтары түгел атсалысқан жоба Қазақстанның барлық өңірін қамтып отыр.

Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысының нәтижесі ерекше екенін атап өткен жөн. Өңірдегі 20 мыңға жуық қатысушының 14 мыңнан астамы аса белсенді. Бұл республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі.

Аталған жобаның басталуы кітапхана өміріне, кітап дүкендеріне жаңа леп әкелді. Ұзын-сонар кезек. Кітап сатып алушы оқырмандар саны айтарлықтай артқан. Көз жеткізу үшін кез келген қаланың кітапханасына немесе кітап дүкеніне кірсеңіз жеткілікті. Қалың оқырман қатарында мектеп оқушылары мен студенттерден бастап, аға буын өкілдері мен ардагерлер де бар.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбалардың бірінде автор Алматыдағы кітапхананың күнделікті көрінісін көрсетіп, жастардың білімге ұмтылысын атап өткен. Ал тағы бір қолданушы кітап дүкеніне барған сәтін бөлісіп, сөреден кітап таңдап жүрген жастардың көптігіне назар аударған.

«Еш айқай-шусыз, ұрыс-керіссіз, кітаптарын алып мәз болып шығып жатыр ұлы да, қызы да. Естігендерім тек: “Кешіріңіз, өтіп кетсем бола ма?”, “Мына кітапты көрейін деп едім”», – деп жазды желі қолданушысы.

Жазба авторы жастардың кітапқа деген қызығушылығына сүйсініп, оларды «кітап оқитын ұрпақ» деп атады. Әлеуметтік желідегі бұл жазбалар жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге, білімін жетілдіруге және кітап оқуға қызығушылық танытып жүргенін көрсетеді. Кітапхана мен кітап дүкендеріндегі көрініс те оқуға деген сұраныстың бар екенін аңғартады.

Кітапханалардың оқу залдарынан бос орын табу да қиындаған. Халықтың саналы түрде білімге ұмтылуы – жаппай оқитын ұлт болудың алғышартыдеп білеміз. Тағы бір маңызды жайт ретінде дүкен сөрелеріндегі классикалық шығармалардың, тарихи романдар мен заманауи еңбектертің жылдам сатылып жатқанын атап өткен жөн. Ауқымды мәдени-ағартушылық жобаның жүзеге асуына бірнеше ірі ұйымдар мен серіктестер мұрындық болып отыр. Атап айтқанда отандық әдебиетті насихаттау мен авторларға қолдау көрсету бағыты бойынша – Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, цифрлық технологиялар мен заманауи платформалар арқылы кітаптарды қолжетімді ету бағытында – Yandex Qazaqstan және «Яндекс Книги» сервисі.

Сондай-ақ жоба аясында қатысушылар үшін арнайы қазақ және орыс тілдеріндегі 300-ден астам отандық және әлемдік әдебиеттің таңдаулы туындылары ұсынылған. Классикалық шығармалардан бастап заманауи прозаға дейін қамтыған бұл тізім әр оқырманның жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай іріктелген. Жобаға қалай қатысуға болады? Ең алдымен марафонға қатысу үшін қарапайым қадамдарды орындау қажет:

1. Браузер арқылы reading-nation.kz ресми сайтына кіріп, «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
2. Бағыт пен аймақты таңдау: Өзіңізге сәйкес келетін қатысу бағытын (мектеп, колледж, университет, педагог, әулет немесе мемлекеттік қызметші) және өз өңіріңізді көрсетіңіз.
3. Жеке деректерді енгізу: электрондық поштаңызды жазып, сенімді құпиясөз құрыңыз.
4. Поштаңызға келген растау сілтемесі арқылы тіркеуді толық аяқтаңыз.
5. Жеке кабинетке кіріп, ұсынылған кітаптар тізімінен таңдау жасап, марафонды бастаңыз.

Айта кетейік, марафон 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылдың сәуіріне дейін жалғасады. Қатысушылар өздерінің жеке кабинеттерінде оқыған кітаптары бойынша әсерлерімен бөлісіп, 2027 жылдың наурыз-сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік викториналардан өтеді.

Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар мен белсенді оқырмандар үшін арнайы ақшалай сыйлықтар қарастырылған:

1-орын – 600 000 теңге;

2-орын – 450 000 теңге;

3-орын – 300 000 теңге.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар