Азиз Кажденбек Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды

    Әсел Болатқызы
    Азиз Кажденбек Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды Фото: gov.kz

    Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Кажденбек Азиз Оралбекұлы тағайындалды. 

    Бұған дейін ол  Жастар саясаты басқармасының басшысы қызметін атқарды.

    Азиз Кажденбек 1993 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2013 жылы бастаған. Әр жылдары қаладағы үкіметтік емес ұйымдарда, жоғары оқу орындарында қызмет етті. Халықаралық бизнес университетінің (UIB) Жастар орталығының директоры және М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының тәрбие жұмысы департаментінің директоры қызметін атқарды. Сонымен қатар, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры лауазымында болды.

    2023 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар