Алматыда «Информбюроның» 30жылдығына орай жаңа шахмат кеңістігі ашылады

/uploads/thumbnail/20260813152910130_big.webp Фото: gov.kz

Отыз жыл бойы «Информбюро» елдегі басты оқиғаларды бақылап, саралап, көрермендерін ақиқат хабарларыменақпараттандырып, күрделі үдерістердітүсіндіріп, адамдардың тағдырына қатысты мәселелерді назардан тыс қалдырмай, бағдарлап келеді. Енді міне, «31 арнаның»басты ақпараттық бағдарламасы өзініңмерейтойына орай мерекелік эфирмен ғана шектелмей, Алматыға жаңа шахмат алаңынсыйға тартуды шешті.

   Жаңа шахмат алаңы қала тұрғындарыныңсеруендеуге және демалуға арналғансүйікті орындарының бірі – Тереңқұрда орналасады. Мұнда тұрғындар үйге қайтар жолда жылдам блиц-шахмат ойнап,отбасылық турнир ұйымдастыра алады немесе бейтаныс қарсыласпен шаршы тақтада жекпе-жек өткізуіне болады.

  Алаңның ашылуын Қазақстандық шахматфедерациясы қолдады.

   Алаңның ашылуында балалар меншахмат әуесқойлары үшін кәсібиспортшылар  әйелдер гроссмейстері,Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы,Дүниежүзілік шахмат олимпиадасыныңқола жүлдегері, Азия чемпионатыныңалтын иегері, Қазақстан шахматфедерациясының атқарушы директорыГүлмира Дәулетова, сондай-ақ Қазақстантарихындағы ең жас гроссмейстер, 16жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағычемпион Эдгар Мамедов бір мезгілде ойынсеансын өткізеді.

«Алматы үшін мұндай шахматкеңістігінің пайда болуышын мәнінде маңызды оқиға. Қалаға балалар,ата-аналар, әуесқойлар және болашақчемпиондар үшін шахмат ойыны күнделікті өмірдің бір бөлігінеайналатын орындар аса қажет. Бүгінгітаңда Қазақстанда шахматтың прайм-дәуірі өрлеп тұр: шахмат өнеріне деген қызығушылық артып, жаңа есімдертанылып, олардың халықаралық деңгейде беделі артып келеді. Дәл осындай көзқарас аула мен қала алаңдарынанбастап үлкен кәсіби тақтаға дейінгі бағдарлар болашақ жеңістер үшін берікіргетас болмақ», - дейді Қазақстан шахматфедерациясының атқарушы директоры,әйелдер гроссмейстері Гүлмира Дәулетова.

  «Алматымәдениет пен идеяларқаласы, онда бос уақыттың өзі үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Шахматжәне басқа да зияткерлік ойындар қала тұрғындарының өмірінде ерекше орыналады. Біз жастар мен аға ұрпақтыбіріктіретін және шабыттандыратынсаналы демалыс дәстүрін дамытуға өзүлесімізді қосқымыз келеді», - деді «31арнаның» бас директоры АйгүлАқсамбиева.

«Информбюроның» 30 жылдығы тек теледидар тарихындағы маңызды белес ретінде ғана емес, сондай-ақ Алматы төрінде күн сайын шахмат әлемінің жаңа партиялары ойналып, қызықты да тартымды нағыз халықтық  бәсекелер өткізілетін спорт алаңының ашылуымен де естеқалады.

 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар