Президент: Қазақстан төрағалық еткен кезеңде ҰҚШҰ-ның алдындағы міндеттердің бәрі орындалды

/image/2024/11/28/crop-0_64_675x1200_68f0daa3ac9785150b6a5a03d4ec7de3_xl.jpg

«Тұтастай алғанда, Қазақстан ұйымға төрағалық еткен кезеңде ҰҚШҰ-ның алдында тұрған барлық міндеттер орындалды. Басым бағыттарды іске асыруда көрсеткен қолдауларыңыз үшін және бірлескен жемісті жұмыстарыңыз үшін үлкен ризашылығымызды білдіремін. 
Құрметті әріптестер, қымбатты достар! Бүгін біз халықаралық аренадағы және өңірдегі ахуал туралы пікір алмасып, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсерін бағалауымыз керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол бүгінгі сессияда ұйымға Қазақстан төрағалық еткен кезеңде атқарылған жұмыстар қорытындыланатынын айтады.

«Біз ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарында атқарылған жұмыс туралы мәліметті тыңдап, өткен кезеңдегі қызметті қорытындылаймыз. Төрағалық етушінің құқығын пайдалана отырып Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті сессиясын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер», — дейді Президент.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар