2026 жылғы ақпанда қазақстандықтар қалай демалады?

/uploads/thumbnail/20260111170019236_big.webp tengrinews.kz

2026 жылдың ақпан айында Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан тек сенбі және жексенбі күндері ғана демалыс болып қалады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кәсіби мерекелер

Ақпан айында кәсіби және басқа да мерекелер бар. Мысалы, 1 ақпанда Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні, 2 ақпанда Ұлттық баспасөз күні, ал 15 ақпанда Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні аталып өтеді.

Халықаралық мерекелер

Бұдан бөлек, 4 ақпанда Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні, 10 ақпанда Дүниежүзілік бұршақ дақылдары күні, 11 ақпанда Ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні, 13 ақпанда Дүниежүзілік радио күні, 20 ақпанда Әлеуметтік әділеттілік күні, 21 ақпанда Халықаралық ана тілі күні және 27 ақпанда Дүниежүзілік ҮЕҰ күні аталып өтеді.

Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда, 14 ақпанда Ғашықтар күні аталып өтеді. Алайда, Қазақстанда ұлттық ғашықтар күні 15 сәуірде Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналып тойланады.

Қатысты Мақалалар