28 Қараша, 2024 NEWS
Армения Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне қатысудан бас тартты
Армения премьер-министрі Никол Пашинян 28 қарашада Астанада өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) саммитіне қатысудан бас тартты.
Ашық дереккөзден
Армения премьер-министрінің баспасөз хатшысы Назели Багдасарянның айтуынша, Арменияның "ҰҚШҰ қызметіне қатысуды тоқтатуға қатысты ұстанымы" өзгерген жоқ.
Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян да саммитке қатыспайды.
Айта кетсек, Пашинян 2024 жылдың ақпанында Ереванның ҰҚШҰ жұмысына қатысуын тоқтататынын мәлімдеген болатын. Ол ұйымды Таулы Қарабақтағы қақтығыстың шиеленісуі кезінде өз міндеттемелерін орындамады деп айыптады. Сол себепті 2023 жылы Минскіде өткен ҰҚШҰ саммитіне де қатыспады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір