• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:23:39
Алматы
+35°

АҚШ президенті Дональд Трамп РФ президенті Владимир Путинге телефон соғып, орман өртін өшіруге көмектесуді ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгін кешкісін Америка тарапының бастамасымен Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. АҚШ президенті Ресейге Сібірдегі орман өртін сөндіруге көмектесуді ұсынды», - деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі.

РФ Президенті Трампқа көмегін ұсынғаны үшін шынайы алғыс білдіріп, қажет болғанда Ресей ол көмекті пайдаланатынын айтқан. Путин америкалық әріптесінің осы ұсынысын алдағы уақытта Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қатынастарды толық қалпына келтірудің кепілі ретінде бағалады.

Екі елдің президенттері арадағы байланысты жалғастырмақ. "Путин мен Трамп байланыстарды телефон арқылы да, бетпе-бет те жалғастыруға келісті», - делінген баспасөз хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір